Түркияда қуатты жер сілкінісі болды

9 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Түркияның солтүстік-шығысындағы Гюмюшхане қаласында магнитудасы 4.2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар және апаттардың салдарын жою агенттігі (AFAD) мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, жер асты дүмпулерінің эпицентрі жергілікті уақытпен 06:09-да Келкит ауданында болған. Жер сілкінісінің ошағы 5,9 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қираған ғимараттар жайлы немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Тэгтер:

Жер сілкінісі Түркия ғимарат зілзала эпицентр