Ақмола облысы Атбасар ауданы Мариновка ауылында Есіл өзенінің деңгейінің көтерілуі салдарынан 23 тұрғыны бар 6 үй су басу қаупіне ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz.
Ақмола облысы ТЖД құтқарушыларының, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің және ЖАО күшімен инертті материалдармен қаптарды жергілікті төсеу және тұрғын үйлердің аула аумақтарынан еріген суларды бұру жұмыстары жүргізілді.
4000 мыңнан астам қап салған күштер мен құралдар тобының үйлесімді жұмысының арқасында бүгінгі таңда жоғарыда аталған үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Су тасқыны жағдайы бақылауда.