Елбасы Ақтауға барды

Елбасы Ақтауға барды

Елбасы Ақтауға барды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласына келді деп, хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы сапар барысында «Спортклуб Маңғыстау-Арена» көпфункционалды спорт кешенінің жұмысымен танысып, күрес залын және көпфункционалды залды аралап көрді. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы спорт саласының өкілдерімен әңгімелесті. Олардың арасында қысқа қашықтыққа жүгіруден КСРО-ның бірнеше дүркін жеңімпазы, рекордшы ӘменТұяқов, бокстан әлем чемпионаттарының және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, сондай-ақ танымал спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері бар. Спортшылар жан-жақты қолдауы мен қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді. Айта кету керек, «Спортклуб Маңғыстау-Арена» кешені демеушілердің қаражатына салынған. Онда футбол, баскетбол, волейболмен шұғылдануға, сондай-ақ жекпе-жек сайысымен және жеңіл атлетикамен айналысуға арналған залдар бар.