Жәйрем кентінде балабақша бухгалтері 16 млн теңге жымқырған

9 сәуір, 2025 / Админ
pixabay.com

Қаражал қаласының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, Жәйрем кентінің «Балдырған» балабақшасының бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бухгалтер қызметкерлердің есепшотына белгіленген жалақы мөлшерінен көп қаражат аударған.

Негізсіз аударылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 15,9 млн теңгені құрады.

Қаражал қалалық сотының үкімімен бухгалтер 10 жыл мерзімге ұйымдар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға байланысты бухгалтерлік және өзге де қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сондай-ақ оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды.

 

Тэгтер:

ақша жымқыру бюджет қаражаты бухгалтер Жәйрем кенті Қаражал қаласы ақша ұрлау