Әлемдік мұнай бағасы төрт жылдан бергі минимумды жаңартып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Brent маркалы мұнай бағасы 2021 жылдың ақпанынан бері алғаш рет барреліне 60 доллардан төмен түсті.
Лондонның ІСЕ биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 4,66 пайызға арзандап, 59,89 долларға түсті.
WTI маркалы мұнай бағасы 4,90 пайызға арзандап, 56,66 долларға түсті.
Айта кетейік, 3 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елден импортталатын тауарларға салынатын баж салығын көтергеннен кейін қара алтынның бағасы құлдырай бастады.
Мұнай бағасы 2021 жылғы минимумға дейін түсті.