«Лудоманияға шалдыққан»: Түркістан облысында әйелін өлтірмек болған адам сотталды

9 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Былтыр Сайрам ауданының тұрғыны бұрынғы әйелінің үйіне баса көктеп кіріп, балаларын көрсетпей жүргені үшін мойнына пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытқаны үшін 9 жылға сотталды.  

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Ведомствоның ақпаратынша, аталған азамат бұған дейін сотты болған, лудоманияға шалдыққанына байланысты ажырасқан.

«Күдікті жәбірленушінің туыстары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамай, оны пышақпен қорқытып аулада тұрған автокөлікті өзіне басқартып, ол жерден бой тасалаған.

Сол күні арнайы іс шара жүргізу барысында күдікті Шымкент қаласында ұсталып, жәбірленуші кепілден босатылды.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, алдыңғы үкім бойынша өтелмеген 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын ішінара қосып, түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Түркістан облысы лудомания Тұрмыстық зорлық-зомбылық Сайрам