Сәкен Майғазиевтің жалғыз келіні кім екені белгілі болды

9 сәуір, 2025 / Админ

Жақында танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің әке болуға дайын екенін айтқан еді, деп жазады turkystan.kz.

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен. Жаңаөзендік ару әншінің ұлымен қалай танысқандарын айтып берді.

«Әділетпен бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Бірақ нақты жүргенімізге 9 ай болады. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақ үй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін», – деді Әдия Мәулен.   

Тэгтер:

келін Сәкен Майғазиев Әділет Майғазиев