Павлодар облысының Аққулы ауданының Шарбақты ауылында заңсыз еңбек еткен шетелдік 6 азамат ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар ауылдық мектептердің бірінде құрылыс жұмыстарын атқарған.
Шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылып, процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Сонымен қатар заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 14 факт тіркелді. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді заңсыз тартудың 241 фактісі анықталды.