Шымкентте құрбысын террористік топқа қосылуға шақырған ер адам 8 жылға сотталды

9 сәуір, 2025 / Админ
istockphoto.com

Шымкент қаласында тұратын ер адам таныс құрбысына WhatsApp мессенджері арқылы террористік топтарға қосылуға шақырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол құрбысына халықаралық террористік ұйым «Мұсылман бауырлар» идеологиясын және «қарулы жиһад» идеясын насихаттайтын, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды жолдап, террористік топтарға қосылуға үгіт – насихат жасаған.

Сот үкімімен ол «терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды интернет-ресурстар арқылы тарату» және «террористік не экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарға үгіт - насихат жасау, даярлау немесе қаруландыру» бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өткен жылы осындай қылмыс жасағаны үшін 10 азамат сотталған.

Шымкент қаласының прокуратурасы бұл әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу қарастырылғанын ескертеді.

Тэгтер:

Терроризм террористік топ