Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелеріне өзгерту енгізілді

9 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

"ҰБТ қағаз немесе электрондық форматта Ұлттық тестілеу орталығы арқылы немесе жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында, не болмаса Ұлттық тестілеу орталығы айқындайтын ұйымдарда өткізіледі. ҰБТ-ға қатысуға өтініш (қағаз және электрондық форматта) Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында онлайн режимде қабылданады", — делінген құжатта.

Министрдің бұйрығына сәйкес, негізгі өзгерістер мүгедектігі бар мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға қатысу тәртібіне қатысты.

"Қағаз немесе электрондық форматта ҰБТ-ға қатысу үшін мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар тұлғалар (көру, есту, тірек-қимыл аппараты қызметтерінің бұзылуы бар) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 тіркелген) бұйрығына сәйкес мүгедектік белгіленгені туралы құжатты ҰБТ-ға өтініш беру бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесіне тіркейді. Сондай-ақ, көру, тірек-қимыл аппараты қызметтерінің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар мен тұлғалар үшін пән мұғалімі емес көмекшіні және есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар балалар мен тұлғалар үшін ым тілін меңгерген маманды ұсыну қажеттігі туралы қосымша мәлімет көрсетіледі", - делінген бұйрықта.

Сондай-ақ құжатта келесі мәселелер атап өтіледі:

Сонымен қатар:

Тестілеу келесі мерзімдерде өткізіледі:

10 қаңтар — 10 ақпан аралығында:

1 наурыз — 6 сәуір аралығында (бұрын — 1–31 наурыз):

10 мамыр — 10 шілде аралығында (бұрын — 16 мамыр — 5 шілде):

Осы кезеңде тапсырылған ҰБТ нәтижелері:

  1. білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға,
  2. немесе ақылы негізде ЖОО-ға түсуге жарамды деп есептеледі.

10 — 20 тамыз аралығында:

"10 мамыр — 10 шілде аралығында ҰБТ тапсыратын тұлғалар үшін бейіндік пәндерді өзгертуге жол берілмейді", — делінген құжатта.

Электрондық форматтағы ҰБТ-ға онлайн өтініш қабылдау мерзімдері:

"Онлайн режимде ҰБТ-ға өтініш беру кезінде талапкер тестілеу пунктін, тестілеу күнін және уақытын өзі таңдайды", — делінген жаңа ережеде.

Тэгтер:

ҰБТ өзгеріс