Найзағай, жел: еліміздің 15 өңірінде күн бұзылады

9 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: pexels

Астанада және тағы 15 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.