Қосшыда екі жастағы қызды басып кеткен жүргізуші үй қамаққа алынды

8 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Ақмола облысында екі жастағы қызды көлігімен қағып кеткен әйел жүргізуші үй қамаққа алынды, деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, алдағы уақытта 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қайғылы оқиға Қосшы қаласындағы «Лесная поляна» тұрғын үй кешенінің ауласында орын алған. Тәп-тәй басып жүрген бүлдіршін үлкендердің бақылауынсыз ойнап жүргенде жолға жүгіріп шығып, көліктің астына түскен.

Оқиғаның сұмдық сәті бақылау камерасына жазылып қалған. Видеода көлік жүргізушісінің бұрылу кезінде қараусыз қалған баланы байқамай басып кеткені анық көрінеді.

Тэгтер:

Қосшы Бүлдіршін қамалды 2 жас