Астананың «Диснейленді» қашан пайда болады?

8 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Астанада «Диснейленд» салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, елордада ауқымды туристік кешен бой көтеруі мүмкін.

«Бұл нысан дәл Диснейленд бола ма, нақты айта алмаймын. Алайда қазір жүзеге асып жатқан жобалардың қатарында Астанада туристік квартал салу жоспары бар. Бұл – үлкен ойын-сауық паркі қарастырылған ірі кешен. Қазіргі уақытта жоба іске асырылу сатысында тұр», – деді Еркінбаев үкіметтегі брифингте.

Жаңа парк «Барыс Арена» спорт кешенінің артында орналасатын болады. Оны 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Бұл – астанамызға сенім артқан шетелдік инвестордың жобасы. Құрылыс жұмыстары басталып кетті. Кешен құрамында ойын-сауық орталығы ғана емес, сонымен қатар кең көлемді сауда орталығы мен халықаралық деңгейдегі қонақүй де болады. Бұл – елордамыздағы туристер үшін тартымды орындардың біріне айналады деп сенеміз», – деп атап өтті вице-министр.

Тэгтер:

Астана Диснейленд