Жүргіншіні қағып өлтірген жүргізушіге үкім шықты

8 сәуір, 2025 / Админ
istockphoto.com

Жамбыл облысынының Жамбыл ауданы  Айша-бибі ауылының бір көшесінде жүргізуші өз көлігімен келе жатып, жол ережесін бұзып, абайсызда жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қаққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жәбірленуші алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.

Сотталуші кінәсін толық мойындады.

Сот оның кінәсін мойындағанын, тұрғылықты жерінен оң сипаттама берілгенін, бұрын сотты болмағанын ескеріп, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сотталушы сот залынан қамауға алынды.

Тэгтер:

Сот үкімі жүргізуші