Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен үш жасөспірім табылды

8 сәуір, 2025 / Админ

7 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысында кәмелет жасына толмаған үш бала таңертең мектепке кетіп, кейін оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, жеке құрам, қызметтік иттері бар кинологтар және дрондар жұмылдырылды. Іздестіру шаралары бір тәуліктен астам уақытқа созылған.

Жасөспірімдерді патрульдік полицейлер гараж кооперативіне жақын маңнан тапты. Ең бастысы олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнген жоқ.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларының бос уақыты мен араласатын ортасына мұқият болуға шақырады.

Тэгтер:

Жасөспірім