Елордалық полицей Ресей азаматына 59 жылдан кейін анасын табуға көмектесті, деп хабарлады turkystan.kz.
Екі әйелдің өмірін өзгерткен әсерлі кездесуді учаскелік инспектор Бақытжан Сарманов ұйымдастырды.
Биылғы жылдың наурыз айында полиция пунктінің қызметтік нөміріне 59 жастағы Ресей Федерациясының азаматшасы хабарласып, өз анасын табуға көмек сұраған. Майор Сарманов жан-жақты тексеру жүргізіп, әйелдің туысын анықтай алды.
Уақытты жоғалтпай, әйел әуе билетін сатып алып, жақында Қазақстанға ұшып келді. Полиция қызметкерінің кәсібилігіне тәнті болған ол зор алғысын білдіріп, барлық полицейлердің қызметіне сәттілік тіледі.