Алматыда шетел азаматына 25 әкімшілік хаттама толтырылды

8 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан

Алматыда полицейлер қала аумағында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған азаматты анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті ЖҚЕ бұзған жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол – BMW автокөлігін мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған 19 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы болып шықты. Жасалған құқық бұзушылықтар бойынша азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің әртүрлі баптары бойынша барлығы 25 әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда:

Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асты.

«Қазақстан Республикасының аумағында жүрген әрбір азамат, азаматтығына қарамастан, еліміздің заңнамасын сақтауға міндетті. Жол қозғалысы қауіпсіздігі – бұл жеке таңдау емес, әрбір адамның азаматтық жауапкершілігі. Құқық бұзушылар жедел анықталып, жауапқа тартылатын болады. Бұл – жазасыздық болмайтынын көрсететін мысал. Алматы полициясы мұндай деректерді әлеуметтік желілердегі мониторинг арқылы анықтау жұмыстарын жалғастыра береді», — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Тэгтер:

Алматы шетел азаматы заң бұзу