Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

8 сәуір, 2025 / Админ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.

Негізгі көрсеткіштер:

Агенттік ағаш пен темірдің заңсыз экспорттарының жолын кескен. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың ірі схемасы жойылған. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Азаматтарды қорғауға ерекше назар аударылып отыр:

Профилактикалық жұмыс:

Парламент Мәжілісінің қарауына кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер енгізілген. Олар қабылданса, Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді.

Президент экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуды, көлеңкелі айналымның үлесін азайтуды, заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды, халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.

Тэгтер:

Президент Жанат Элиманов