Зерттеушілер 12 мың жыл бұрын өмір сүрген жануарды бас сүйек пен тіс арқылы қайта тірілтті

8 сәуір, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: «Тақ ойыны» фильмінің кадры

Зерттеушілер «Тақ ойыны» фильміндегі жануарды қайта тірілтті.

Colossal стартапы 12 мың жыл бұрын өмір сүрген қасқыр түрін тірілтіп алды. Зерттеушілер 13 мың жылдық тістен және 72 мың жылдық бас сүйектен ДНҚ жинап, сұр қасқырдың 14 генін өзгерткен. Осылайша, алынған эмбриондардан 65 күннен кейін үш күшік дүниеге келді. Оларды Ромул, Рем және Дейенерис деп атаған.

Жаңа туған күшіктер кәдімгі қасқыр күшіктерінен 25 пайызға ірі.

Ғалымдардың ендігі мақсаты  – мамонттарды, дронттарды, қылыштіс мысықтарды және автокөліктің үлкндігіндей алып жалқауларды қайта тірілту.

Тэгтер:

тіс ДНҚ жануар зерттеушілер бас сүйек ген өзгерту бас тірілту