Павлодар облысында ауыл тұрғынының үстіне қазаннан ыстық су төгілген

7 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Салдарынан денесінің 18% зақымдалған, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 49 жастағы Аққулы тұрғынының үстіне қазаннан ыстық су  аударылған. Науқас жергілікті ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ жедел жәрдем қызметкерлері Павлодарда үстіне қайнаған суды төгіп алған бір жарым жасар балаға көмек көрсетті.  Денесінің 16 пайызын күйік шалған сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Тэгтер:

Павлодар облысы ауыл тұрғыны