Таразда аурухананың бас дәрігері мен бас бухгалтері 758 млн теңге ұрлаған

7 сәуір, 2025 / Админ
pixabay.com

Таразда қалалық аурухананың бас бухгалтері мен бас дәрігерінің орынбасары бірлесіп, 758 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сондай-ақ бас дәрігердің орынбасары 4,4 млн теңгені заңдастырған.

Айыпталушылар келтірген залалды өтемеген.

Сотта бас бухгалтер кінәсін мойындағанымен, бас дәрігердің орынбасары кінәсін мойындамаған.

Бас бухгалтердің орынбасары 10 жыл бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бас бухгалтер белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

ақша жымқыру Бас дәрігер ақша ұрлау бас бухгалтер