Ақтаудағы концертте өнер көрсеткен танымал әнші Kalifarniya-ны тыңдармандары сынап тастады.
Өнер иесінің жанды дауыста ән салғаны қызу талқыға түсті. Өйткені орындаушы ырғаққа ілесе алмай қалған.
Айта кетейік, Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесінің берілу құрметіне орай гала-концерт өтті. Іс-шараға еліміздің белгіл өнер иелері де жанды дауыста ән салды. Солардың арасында әнші Kalifarniya да репертуарындағы «Қар» әнін орындаған болатын.
Әлеуметтік желідегі тараған видеоға көпшілік әртүрлі пікір қалдырған.
«Ұят болды. Түсте Димаш сахнада дайындық жасаған сияқты, дайындалып алу керек еді», «Сүйікті әншім еді, бұдан кейін тыңдамайтын сияқтымын», «Екі нотаның арасында жүр», «Даусы шықпай қалды», «Қатты семіріп алғасын, даусы жетпей тұр», – деп жазды көпшілік.