Елорда тұрғыны мемлекеттік тіркеу нөмiрiн сәйкестендіруге кедергі келтіретін материалдарды қолдана отырып, автокөлікті басқарған және мемлекеттік нөмірін жасырған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жол қозғалысы ережесінің 2-тарауы 12-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік тіркеу нөмірлері болмаған немесе олардың тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін жағдайларында жүргізушіге көлік құралын басқаруға тыйым салынады.
Заң бұзған жүргізуші сот шешімімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 1 тәулікке қамауға алынды.