Азамат Есқараев Үндістанға елші болып тағайындалды

7 сәуір, 2025 / Админ
gov.kz

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен бірнеше елдегі елшілер қызметінен босатылып, орнына жаңа елшілер тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Тэгтер:

үндістан Азамат Есқараев елші