Қазақстандық гимнасшылар әлем кубогінде қола жүлде еншіледі

Бүгін, 14:42 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

Гимнаст Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков Италиядағы әлем кубогында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Италияның Риччоне қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Синхронды секіруде Ұлттық құрама спортшылары – Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков 3-орын алды. Біздің жұп сайыста 51.090 ұпай жинады. Алтын Германия гимнастарында. Күміс 51.350 балл алған француз спортшыларына бұйырды. Мұнда барлығы 16 жұп сынға түсті.

Айта кетейік, бұл Ерланның әлем кубогындағы алғашқы медалі.

Жекелей сындағы отандастарымыздың нәтижесі (барлығы 64 спортшы):

Тэгтер:

Қазақстан құрамасы гимнастика әлем кубогі батуттағы гимнастика