Халықаралық қолданыстағы сөздер қазақ тіліне аударылмайды

Халықаралық қолданыстағы сөздер қазақ тіліне аударылмайды

Халықаралық қолданыстағы сөздер қазақ тіліне аударылмайды
ашық дереккөзі
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Республикалық тілдерді дамыту орталығының директоры Ербол Тілешов мәлімдеді деп хабарлады 24.kz. Оның айтуынша қазір termincom.kz сайтының базасында 18 мың сөз бар. Мамандар бұл қор міндетті түрде ұлғайтылуы тиіс деп есептейді. Бірақ алдағы уақытта халықаралық деңгейде қолданылып келе жатқан сөздердің барлығын қазақ тіліне аудару қажет болмайды. Арнайы комиссия өкілдері халқымыздың сөздік қорды қабылдау қабілетіне мән беріп, тек қажеттілік туындаған кезде ғана сөздерді аударады. Ғалымжан Мелдешев, ҚР МСМ комитеті төрағасының орынбасары: - 2014-2016 жылдар аралығында 8 мың термин бекіттік. Сол 8 мың терминді біз қолданысқа енгізіп отырмыз. Бұл жерде ең маңызды мәселе стандарттау мәселесі. Терминологиялық комиссия бар, метрология стандарттау бар. Пианино, интернет, композитор секілді сөздерді барлығын стандарттап алатын болсақ, тіл мамандарының бәрі ортақ мәселені шешеді деп ойлаймыз.