Павлодарда адасып кеткен баланың туыстары іздестіріліп жатыр (ФОТО)

Бүгін, 11:15 / Інжу Әлихан
Павлодар облысы ПД

Баланың жасы шамамен бесте, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 сәуірде сағат 18:06-да Ак. Марғұлан көшесі, 104 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанында азиялық келбетті кішкентай ұл бала табылғаны туралы шақырту түскен. Аты Әли немесе Алишка. Ата-анасының деректері мен тұрғылықты мекенжайын білмейді.

Дене бітімі орташа, бойы  – 108 см, салмағы –  18 кг.

Көк қалпақ,  көк-сары, қара түсті күртеше, қара түсті трико киген. Кекештеніп сөйлейді және момын. 

«Полиция баламен бірге жақын маңдағы аулалар мен үйлерді аралап шықты, алайда ата-аналар мен тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмады. Бағдарлар жасалып, жақын аймақтарға жіберілді», – дейді департаментте.

Қазіргі уақытта бала өңірлік балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Полицейлер егер баланы танитын немесе оның туыстары туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 телефоны немесе Instagram @dp_pavlodar дайрегі арқылы хабарлауды сұрайды.

Тэгтер:

Павлодар іздеу 5 жас жоғалып кету