Әлемді таң қалдыру үшін ерекше қабілет керек. Ал Калифорнияда тұратын Шанель Тапперге бұл мүмкіндікті жаратылыстың өзі берген. 34 жастағы әйел әлемдегі ең ұзын тіл иесі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Таппердің тілі – 9.75 см. Ол Jenga ойынындағы блоктарды тілімен алып, пластик стақандарды аударып, қасықты айналдыра орап көтере алады.
“Адамдар алғаш көргенде айқайлап жібереді, бұл мен үшін күлкілі әрі қызық сәт”, – дейді Шанель Таппер Гиннестің ресми сайтына берген сұхбатында.
Бұл «қабілетіне» басқалар алғаш назар 11 жасында назар аударыпты. Ол кезде достарына тілін шығарып мазақтағанды ұнатқан қызға көпшілігі оның тілінің ерекше ұзын екенін айтыпты. Бірнеше жылдан соң YouTube желісінде видео таралып, алғашқы интернет танымалдылыққа ие болады.
2010 жылы Гиннестің рекордтар ұйымы оны Лос-Анджелестегі шараға шақырып, ресми түрде өлшеп, әйелдер арасындағы ең ұзын тіл иесі ретінде тіркеді. Оның тілі әйелдердің орташа тіл ұзындығынан шамамен 1.9 см, ал ер адамдардікінен 1.2 см-ге ұзын екені анықталды.
Содан бері Таппер әлемнің әр түкпірінде түрлі шараларға қатысып, саяхаттап жүр. Бір сапарында ол Италияның сән астанасы Миланда танымал Diesel бренді ұйымдастырған Welcome Successful Living кампаниясына қатысып, тілін көк пен жасыл түске бояп, фотосессия жасатқан.
“Бұл маған әлемді көруге мүмкіндік берді. Мен осындай жеңіл, көңілді нәрселерді ұнатамын”, – дейді ол.
Шанель Таппердің ерекше рекорды әлі де күшінде. Ол адамдарды таңғалдырудан жалықпайды, ал кейбіреулер оны Marvel әлеміндегі Venom кейіпкерімен салыстырса да, өзі бұл рекордты мақтанышпен ұстап келеді.