Құтқарушылар тұрғынның үйінен 2 жыланды ұстады

7 сәуір, 2025 / Админ

Алматы облысы, Алатау қаласы, «Энергетик» саяжайының тұрғыны үйіне жылан кіріп кеткенін айтып, құтқарушыларға хабарласқан.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп,  арнайы құралдың көмегімен 2 рептилияны ұстап алып, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін оларды елді мекеннен алыс, қауіпсіз жерге жіберді.

ТЖМ жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Тэгтер:

құтқарушылар жылан