Ақмола облысындағы ауылда көлік қатынасы үзілді

7 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақмола обл. ТЖД

Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 20 ТЖМ арнайы техникасы, ЖАО және еріктілер жұмылдырылды, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД.

«ҚазАқпарат»
Халықаралық ақпарат агенттігі
02:40, 07 Сәуір 2025 | GMT +5
Су тасқыны. Ақмоланың Старый Колутон ауылында көлік қатынасы үзілді
АСТАНА. KAZINFORM — Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 20 ТЖМ арнайы техникасы, ЖАО және еріктілер жұмылдырылды, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД.

Бөлісу:

Фото: Ақмола облысы ТЖД
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзенінің тасуына байланысты көлік қатынасы үзілген Старый Колутон ауылында жедел жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өткен тәулікте 21 адам, оның ішінде 1 жүкті әйел моторлы қайықтардың көмегімен тасымалданды.


Фото: Ақмола облысы ТЖД
Су тасқынына қарсы жұмыстардың барысын ТЖ вице-министрі Рамиль Камалов тексерді.

— Жағалау сызығын нығайту және одан әрі су басуға жол бермеу үшін инертті материалдары бар 1000-нан астам қап төселді, 300 текше метр су сорылды. 21 сиыр мен 100-ге жуық қошқар қауіпсіз жерге айдалды. Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 20 ТЖМ арнайы техникасы, ЖАО және еріктілер жұмылдырылды. Жағдай ТЖМ бақылауында. Құтқару және нығайту іс-шаралары тәулік бойы жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.