Елді дүрліктерген оқиғаға қатысты тың дерек шықты

6 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Журналист Руслан Өтепбай Шу қаласында денесі жертөледен табылған жүкті әйелге қатысты тың деректерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, 25 жыл ғана өмір сүрген Әдемі осыдан жеті жыл бұрын Шыңғысқа тұрмысқа шыққан. Келіншек жеті жылда 4 рет жүкті болады.

«Өкінішке қарай екі жүктілігі жатырдан тыс бітеді. Ал үшінші ЭКО-сы түсіп қалады. Ерлі-зайыпты бала сүю бақытын сезіну үшін тағы да ЭКО жасатады. Шешімдері сәтті болып, тек төртінші мүмкіндіктен жатырға бала бітеді. Қуаныштары қойнына сыймаған екі жас болашақ балаларының жынысын білмек болып, гендер пати жасаған», - дейді журналист.

Ол келіншектің қазасына дәрігерлердің салғырттығы себеп болғанын атап өтті.

«Ана мен баланың әруағы тыныш болу үшін осы сұмдыққа қатысы барлар жұмыстан ғана шығарылмай, қылмыстық жауапкершілік арқалауға тиіс», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.