Алматы метросында жолаушыларды тексеру шаралары күшейтілді
Алматы метросында жолаушыларды тексеру шаралары күшейтілді
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында метрода болған жарылыстан кейін Алматы метросында жолаушыларды тексеру-бақылау шаралары күшейтілді. Бұл туралы «Алматы метрополитені» КМК баспасөз қызметі хабарлады.
Метро қызметкерлерінің мәлімдеуінше, қауіпсіздік шарасы аясында ең бірінші кезекте бақылау жұмыстары күшейтілген. Бұл бағытта ІІБ-мен бірлескен ұйымдастырушылық шаралары жүргізіліп жатыр.
«Металліздеуші, рентген-телевизиялық өткізбе жолымен жабдықталған арнайы аппарат арқасында барлық жолаушы бақылаудан өтеді. Жолаушыларға қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарау сұралды. Бақылау шараларының күшейтілуі жолаушылардың пойыздарға өту уақытына кедергі келтірмеуі керек. Себебі, қауіпсіздік шаралары тұрақты түрде жүргізіліп отырады», - делінген хабарламада.