ЕҚЫҰ: Арменияда өткен Парламент сайлауында дауыстар сатып алынған
ЕҚЫҰ: Арменияда өткен Парламент сайлауында дауыстар сатып алынған
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) 2 сәуірде Арменияда өткен парламенттік сайлауды сынады деп centralasian.org.
Ұйымның мәлімдеуінше, дауыс беру кезінде сайлаушыларға қысым көрсетілген, "дауыстар сатып алынғаны туралы нақты ақпарат бар".
ЕҚЫҰ-ның мәлімдемесі 3 сәуірде жарияланды. Онда дауыс беру процесіне араласу әрекеті - қоғамның сайлауларға сенімін азайтты делінген. Мәлімдемеде мемлекеттік қызметкерлер мен жеке компаниялардың қызметкерлеріне қысым жасалғаны туралы да айтылды.
"Өкінішке қарай, дауыстарды сатып алу туралы бірнеше сенімді ақпарат бар, әсіресе мектептер мен ауруханалардың, сондай-ақ жекеменшік компаниялардың қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланған", - деді Еуропарламент делегациясының басшысы Хейди Хаутала.
Сайлау учаскелерінде жүргізілген сауалнама (экзит-пол) нәтижесі бойынша, президент Серж Саргсянның Армения Республикалық партиясы шамамен 50 пайыз дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті.