Бүгін – Дүниежүзілік егеуқұйрықтар күні

4 сәуір, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Бұл – егеуқұйрықтарға жаңаша көзқараспен қарауға, оларды қорғауға шақыратын бастама.

4 сәуір – Дүниежүзілік егеуқұйрықтар күні (World Rat Day). Бұл күн жыл сайын 4 сәуірде аталып өтеді.

2002 жылдан бері тойланып келе жатқан мереке алғашында егеуқұйрықтарды үй жануары ретінде бағалайтын америкалық жанашыр қауымдастықтың бастамасымен пайда болған. Мақсаты – егеуқұйрықтарға деген жағымсыз стереотиптерді бұзу және олардың интеллектуалды, сезімтал әрі таза жануарлар екенін қоғамға таныту.

Егеуқұйрықтар ғылыми зерттеулерде маңызды рөл атқарады. Кейбіреулер үшін олар – адал да ақылды үй жануары. Көптеген мәдениетте егеуқұйрық түрлі мағынаға ие – бір жерде даналықтың, енді бір жерде берекенің символы саналады. Сондай-ақ өнерде, кинемотаграфия мен анимацияда олар көбінесе жағымды кейіпкер ретінде танымал.

Бұл – егеуқұйрықтарға жаңаша көзқараспен қарауға, оларды қорғауға шақыратын бастама.

Тэгтер:

егеуқұйрық дата егеуқұйрықтар күні