Су тасқыны басталғалы бері Қарағанды облысында 5 адам суға кеткен

Су тасқыны басталғалы бері Қарағанды облысында 5 адам суға кеткен

Су тасқыны басталғалы бері Қарағанды облысында 5 адам суға кеткен
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында су тасқынының қаупі күшейіп келеді. Сол себепті құтқару қызметтерінің басым бөлігі сол жаққа ауыстырылып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымовтың мәлімдеді деп xабарлайды ҚазАқпарат.  "Соңғы кездері Қарағанды облысындағы жағдай күрт қиындап кетті. Осы уақытқа дейін жеті елді мекенде 33 үйге су кірді. 397 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгінде біраз үйлерден су шығарылды. 361 адам қайта үйлеріне оралды", - деді министр. Оның айтуынша, республика бойынша 46 жол учаскесі судың астында қалды. Соның ішінде 43 - автомобиль жолы, 3-уі - теміржол. "Теміржол желісі жөнделді, пойыз қатынасы жүріп жатыр. Автомобиль жолдарының біраз бөлігінде де көлік қозғалысы қайта ашылды. Әзірше, 11 учаскеде апаттық шаралар атқаралып жатыр. Өкінішке қарай, адам шығыны болды. Қарағанды облысында су басқан жолмен келе жатқан УАЗ көлігін аударылып кетті. 11 адам өз күшімен аман қалды. Үш адам суға батып кетті. Дәл осы жерде қауіпсіздік шараларын сақтамаған тағы екі адам өзеннен атпен өтеміз деп суға кетті", - деді ведомство басшысы.