Боксшы Даниял Сапарбай әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

4 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Даниял Сапарбай Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен еді.

Даниял Сапарбай жартылай финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировқа 0:5 есебімен жол берді. Нәтижесінде үшінші орын алды.

Сондай-ақ, 4 сәуірде Нұрсұлтан Алтынбек, Диас Молжігітов, Дәулет Төлемісов, Жазира Орақбаева, Ұлжан Сәрсенбек финалға шығу үшін бақ сынайды. 

 

Тэгтер:

бокс Қола Бразилия әлем кубогі Даниял Сапарбай