Нұрсұлтан Назарбаев Ресей халқына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей халқына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей халқына көңіл айтты
ашық дереккөзі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Санкт-Петербург қаласындағы терактіден жазықсыз адамдарың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге жеделхат жолдап, Ресей халқына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  Қазақстан Президенті Санкт-Петербург қаласы метросындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Бұл оқиға қабырғамызды қайыстырды, Ресей Федерациясы халқының ауыр қайғысына ортақпыз», - делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді. Айта кетейік, Санкт-Петербург әкімшілігі метрода болған жарылыстан кейін сейсенбіден бастап үш тәулік қаралы күн жариялады. Бұл туралы қала губернаторының баспасөз хатшысы Андрей Кибитов Twitter-дегі парақшасында хабарлады. «Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченконың үкімімен ертеңнен бастап қалада үш тәулік қаралы күн жарияланады», - деді ол. Бұған дейін журналистерге РФ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Вероника Скворцова хабарлағандай, ресми дерек бойынша жарылыстан 47 адам жарақат алып, оның 10-ы қаза тапты.