Рақымжан Ерназар Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

2 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
gov.kz

Рақымжан Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып ауысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

— Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Тэгтер:

Президент Әкімшілігі