Мемлекет басшысы 3 сәуірде Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

1 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Самарқандта Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.

Тэгтер:

Тоқаев Өзбекстан