Қазақстан мен Словения президенті Астана халықаралық қаржы орталығына барды

1 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді.

Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.

Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция - 14,4 мллрд доллар:

- Қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.

Мемлекеттер басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.

Тэгтер:

Астана Словения президенті