Алматыда 87 мың жаңа жұмыс орны құрылады

31 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан

Жұмыспен қамту шараларымен 32 мың адамды қамту көзделген.

Биыл Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған, оның 84%-ы тұрақты болады. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады.

Жұмыспен қамту шараларымен 32 мың адамды қамту көзделген, оның ішінде:

Бұған қоса, 7 мың адам білім беру бағдарламаларына қатысады. Олар қысқа мерзімді курстардан өтеді (оның ішінде enbek.kz платформасында) және «Бастау Бизнес» жобасына қатысады.

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 400 АЕК-ке дейінгі гранттар қарастырылған.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Алматыда 85 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, бұл жұмыссыздық деңгейін 4,6%-ға дейін төмендетуге ықпал етті.

Тэгтер:

Алматы жұмыс орны