Қазақстанға Словения президенті ресми сапармен келді

31 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda

Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Тэгтер:

Қазақстан Словения президеті