Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айтты

28 наурыз, 2025 / Өтей Торғайұлы
Бұл жайлы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің Премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.

Тэгтер:

Таиланд көңіл айту жеделхат