Қазақ журналисі Мамайды қамауда ұстау мерзімін 10 мамырға дейін созды
Қазақ журналисі Мамайды қамауда ұстау мерзімін 10 мамырға дейін созды
Алматы қаласының Медеу аудандық соты 31 наурызда адвокат Жанар Балғабаеваның оппозициялық "Трибуна" газетінің бас редакторы Жанболат Мамайды тергеу жүріп жатқан уақытта босату туралы арызын кері қайтарды.
Мамайдың бостандыққа шығарылуына шамамен 30 адам кепілхат берген, бірақ сот оларды қабылдамады, өйткені прокурор "кепілхат берушілерді танымайтынын" мәлімдеген. Бұл туралы "Әділ сөз" баспасөз еркіндігін қорғау ұйымы хабарлады.
Мамай адвокатының тергеушінің процессуальдық заң бұзушылықтары туралы арызын да сот қайтарып берді.
Жанболат Мамай 10 ақпанда қамауға алынды. Оған оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовпен бірге ақша заңдастырумен айналысқан деген айып тағылды. Екеуі де тағылған айыптарды жоққа шығарып, істің саяси астары барын мәлімдеді.
Бірқатар халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар Қазақстан үкіметінен журналист Мамайды босатуын сұрады.