«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды
ашық дереккөзі
«Мерейлі отбасы-2017» байқауының ұйымдастыру комитеті елордада ұлттық конкурсқа өтінім қабылдау басталғанын жариялады, деп хабарлайды astana.gov.kz. Байқау 3 кезеңге бөлінеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық); екінші кезең – облыстық; үшінші кезең – республикалық. Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) әкімдіктерге 2017 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін беріледі. Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы Елбасының 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын өткізіледі.