Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

27 наурыз, 2025 / Админ
ҚТФ
Бейбіт Жұқаев енді жартылай финалға шығу үшін сынға түседі.

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (АТР 215) Мексиканың Морелия қаласында өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің ширек финалына шықты.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Жұқаев 1/8 финалда бразилиялық Фелипе Мелигени-Альвесті (АТР 176) 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңді.

Жартылай финалға шығу үшін Бейбіт швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен (АТР 172) кездеседі.

Тэгтер:

Турнир теннис теннисші