Трамптың көлігі аукционда 270 мың долларға сатылды

Трамптың көлігі аукционда 270 мың долларға сатылды

Трамптың көлігі аукционда 270 мың долларға сатылды
ашық дереккөзі
Дональд Трамптың президент болмай тұрып мінген ашық қызыл түсті Ferrari F430 көлігі бәссаудада сатылды. Auctions America аукционында президенттің көлігін жаңа иесі 270 мың долларға деп сатып алған. Бұл туралы Yahoo! News-қа сілтеме жасап 24.kz хабарлады. «Жұлдызды» оқиғасы жоқ өзге де ұқсас көлік үлгілері бәссаудада жорығына, жағдайына және қосымша құрылғылардың бар-жоғына қарай 125-175 мың долларға сатылып жатты», - дейді бәссауда спикері Эми Кристи. Ол Трамп көлігінің жаңа иесінің есімін айтудан бас тартты. Трамптың жақтастары аукционға қойылған 10 жылғы автокөлікті тамашалау үшін ұзын-сонар кезекке тұрған. Миллиардер бұл Ferrari-ді жеке қолдануы үшін сатып алған, бірақ бар-жоғы 4 жыл ғана мінген екен. Трамп бұл көлікпен 3,8 мың шақырымдай ғана жүрсе, қалған 9,6 мың шақырымды 2011 жылы сатып алған анонимді иесі жүріп өткен екен.