Иттердің "тілін" түсінуге мүмкіндік беретін қарғыбау жасалды

Иттердің "тілін" түсінуге мүмкіндік беретін қарғыбау жасалды

Иттердің "тілін" түсінуге мүмкіндік беретін қарғыбау жасалды
ашық дереккөзі
«Сколково» инновациялық орталығының инженерлері Letni for Dogs қарғыбауын ұсынды. Бұл туралы VistaNews-қа сілтеме жасап 24.kz хабарлады.  Letni for Dogs құрылғысын жасау үшін мамандар иттердің бірнеше түрін 3 жыл бойы зерттеген. Олар ит үрген кезде оның тембрі арқылы көңіл-күйін анықтаған. Бұл ит иесіне оның мағынасын түсінуге мүмкіндік бере алады дейді мамандар. Қарғыбау смартфонға белгілі бір бағдарлама арқылы байланыстырылады. Содан соң онда ит жайлы барлық ақпарат жазылуы тиіс. Яғни, салмағы, жасы және т.б. Құрылғының бір кемшілігі ол барлық иттерге жарай бермейді. Сатылымға 2017 жылдың жазында шығады деп күтілуде. Сондай-ақ оның бағасы кез келген адам үшін қолжетімді болмақ.