32 адам жараланып, 1 жолаушы қаза тапты: Түркияда автобус апатқа ұшырады

24 наурыз, 2025 / Өтей Торғайұлы
сурет ашық дереккөзден алынды
Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Түркияның Айдын провинциясындағы Куюджук ауданында автобус аударылып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Салдарынан бір адам қаза тапты, тағы 32 адам жарақат алды.

Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары жетті.

Қосымша мәліметтер әзірге берілмеген.

 

Тэгтер:

Автобус Түркия