Air Astana ұшағы шұғыл түрде Бакуге қонды

24 наурыз, 2025 / Админ
Оған бір жолаушының  жағдайының нашарлауы себеп болған.

Тбилиси – Алматы бағытымен ұшқан  Air Astana ұшағы Бакуге қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әуе кемесінің командирі борттағы бір жолаушының жағдайының нашарлауына байланысты сондай шешім қабылдаған.

Ұшақ Баку әуежайына аман-есен қонған. Жағдайы нашарлаған жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жіберілген.

Air Astana ұшағы белгіленген уақытынан кешіккендіктен, қалған жолаушылар қонақ үйге жіберілген.

Тэгтер:

Ұшақ Баку